Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап-ғылыми кітапханада «Әдеп. Парасат. Абырой» атты кездесу өтті. Онда жұмысын енді бастаған мемлекеттік қызметшілерге сала ардагерлері мен тәжірибелі мамандар ақыл-кеңесін айтып, тәжірибесімен бөлісті. Шараға облыс әкімінің аппараты мен «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының облыстық филиалы ұйытқы болды.