Орал қаласында Қазақстан-Ресей ХХІ өңіраралық ынтымақтастық форумы жалғасуда. «Жайық арена» спорт кешенінде Қазақстан колледждері мен кәсіпорындарының көрмесі өтуде. Оған еліміздің 14 колледжі мен бірқатар ірі кәсіпорны қатысып жатыр. Іс-шараның екінші күні өңір басшысы Нариман Төреғалиев пен ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев көрме жұмысымен танысты.