Орал қаласында Қазақстан мен Ресей жастарының форумы өтті. Қос мемлекеттің кәсіпкерлері, жастар ұйымдарының өкілдері, еріктілер мен сарапшылар бас қосып, өндіріс пен экология салаларындағы өзекті мәселелерді талқылады. Форум жұмысына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Біржан Әлімжанов, Татарстан Республикасының Жастар ісі жөніндегі министрі Азат Кадыров қатысты.