1964 жылы 26 қыркүйекте Батыс Қазақстан облыстық телестудиясының тұңғыш хабары эфирге шықты. 1964 жылы 15 тамызда Орал телеарнасының тұсауы кесілмес бұрын облыстық телевизия және радио хабары комитеті құрылып, алғашқы төрағасы болып Наурызғали Сыдықұлы Сыдықов бекітілді. Бүгінде Орал қаласындағы телеарна мен телемұнара орналасқан көшеге Н.Сыдықовтың есімі берілді.


1980 жылы Орал телестудиясы түрлі-түсті пленкаларды қолдануға көшті.1989 жылдан бері бейнетаспамен жұмыс істеуде. 2003 жылдан бастап облыстық телевизия хабарлары толықтай цифрлы форматта.


Әр жылдары ұжымның тізгінін ұстаған Молдағали Рысқалиев, Ғарифолла Көшенов, Махамбет Машекенов, Мнир Сүлейманов, Шавхат Өтемісов ,Асыланбек Ғұбашев облыстық студияның дамуында ерекше қолтаңбасын қалдырды.


«AOJAIYQ» телеарнасының қазіргі ізденістері мен табыстары Қазақ мемлекеттік университеті журналистика факультетінің түлегі, еңбек жолын осы студияда редакторлықтан бастаған Клара Қамбетовамен тікелей байланысты.


 Бүгінгі таңда облыстық телеарна тәулігіне 14 сағат хабар таратады. Оның шамамен 68 %-ы өзіндік өнім болып есептеледі. Арна журналистері дайындайтын 28 жоба бар. Бағдарламалардың 79 %-ы қазақ тілінде және 21 %-ы орыс тілінде жарыққа шығады.

Телеарнаның Facebook, YouTube, Instagram әлеуметтік желілеріне мыңдаған белсенді оқырман тіркелген.


Телеарнаның аға буын қызметкерлері ретінде А.Вдовин, А.Иночкин, Е.Қасенов, С.Ғұмаров, Л.Архипов, М.Нұғманова, С.Ғазизов, Ю.Юмашева, Н.Чесноков, Ғ.Тұрғаналиев, А.Дош, Ж.Габдуллина, А.Агелеуова, Л.Глазова, Р.Кабашева, Т.Гилманова, Г.Корчагина А.Қарасаева, А.Садомсков, К.Чукеев, С.Власов, В.Иванов, Е.Чернов, И.Чеботарева, Т.Яценко, Л.Словцов, В.Ситник, З.Ляпина, Е.Киняхина, Л.Власова, В.Наугольнов, С.Квятковский, Р.Алексеева, В.Рассолов есімдері алдымен аталады.


Алғашқыда эфир уақытының ұзақтығы 3-4 сағат болды. Хабарлар мен жаңалықтарды беруде фотосуреттер пайдаланылды. Кейін кинокамералар алынып, фотосуреттерді ақ-қара түсті кинопленкалар ығыстыра бастады. Облыстық арна ашылған тұста одақтық және республикалық телевизияның қызметі әлі облыс орталығына жете қоймағандықтан оралдық көрермендер жергілікті хабарларды жіті қадағалайтын.

Облысқа іссапармен келген еліміздің танымал өнер адамдары мен ақын-жазушылары да студияға ат басын бұрды. Жергілікті көрермендер КСРО Халық әртістері Б.Төлегеновамен, Роза Бағланова, Х.Бөкеевамен, Е.Серкебаевпен және басқа да әйгілі өнер жұлдыздары мен Ж.Молдағалиев, Қадыр Мырза Әли, С.Сейітов секілді белгілі ақындармен дидарласқан-тын. Арнаның шығармашылық ұжымы жұмыстарын одақтық және республикалық эфирден де көрсетуге тырысты. КСРО кезінде Орал студиясы дайындаған бағдарлама екі рет Мәскеуден, бірнеше рет Алматыдан берілді.

Облыстық теледидар ұжымы 60-70 жылдары Кеңес Одағының Батырлары М.Мәметова, С.Есқалиев, Е.Орақбаев пен тың және тыңайған жерлерді игеруге атсалысқандар туралы онға тарта деректі фильм түсірді. Сапуатолла Ғазизов Кеңес Одағының Батыры, Жаңақала ауданындағы «Красногор» жылқы зауытын басқарған Есен Орақбаев туралы «Директор», осы ауданның мал азығын дайындаушылар туралы «Сәуле», тракторшы қыздар бригадасының жұмысы туралы «Аққу қыздар» деректі фильмдерін дайындады.

Облыстық студияның тақырыптық хабарлар редакциясы, әдебиет пен өнер, мәдениет мәселелерін қамтитын хабарлар да дайындады. Қоныс Миханов «Жайық толқыны» тележурналының, Мұқадес Есламғалиев «Жұлдыз» телеальманағының авторы болды. Өткен ғасырдың 70-ші жылдары жастарға арналған «Уақыт және біз», «Жұмысшы ізбасарлары» атты хабарлар дайындалды.

1986 жылы Южно-Сахалинск қаласынан әкелінген ПТВС арқылы «Серпін» бағдарламасы әзірленді. Телевизиялық станциясының алғашқы хабары облыс орталығынан 150 шақырым қашықтықтағы Жымпиты (қазіргі – Сырым) ауданының орталығынан дайындалды. 1989 жылдан бастап Орал телестудиясы түрлі-түсті бейнетаспамен жұмыс жасауды қолға алды.Техника жетістігін пайдаланып, студиядан шалғай жатқан ауданнан хабар әзірлеу ұжыммен қатар көрермен үшін де елеулі оқиға болды.

  Орал телеарнасында өнер мен мәдениетті насихаттауда, оның проблемаларын көрсетіп шешуде тележурналистикадағы алғашқы қыздардың бірі де бірегейі Ботакөз Баймұқанова елеулі үлес қосты. 1980-1990 жылдары ол дайындаған «Халық таланттары», «Терме», «Әнқұмарлар» клубы, «Дидар» циклдарының хабарлары осы міндеттерден көріне білді. Кейін Б.Баймұқанованың жастар тәрбиесі мен ұрпақтар түсіністігіне және отбасы бірлігіне арналған ұлттық «Ақ отау», «Қыз Жібек»,»Шаңырақ» хабарлары көрермендердің жылы лебізіне бөленді.Ол жасаған ҚР еңбек сіңірген әртісі Сәуле Таудаева туралы «Айқаракөз» деректі фильмі де көрермен көңілінен шықты. 1990 жылдардың басында кешкі уақытта берілген «Ақшам», тікелей эфирде жүрген «Обратная связь» хабарларының көрсеткіші жоғары болды.

Бүгінде « AQJAIYQ» телеарнасы тәулігіне 14 сағат хабар таратады.Қазіргі уақытта күніне 5 рет эфирге шығатын ”AQJAIYQ AQPARAT “ жаңалықтарымен бірге әртүрлі тақырыптарға арналған 30 бағдарлама көрермен назарына ұсынылып отыр. Олардың ішінде

«Ел алдында», «Время вашего вопроса» ,»Жедел желі», «Мәслихат»,»Әділетті қоғам»,»Активная позиция» секілді қоғамдық-саяси бағдарламалар көрермендер арасында зор беделге ие. Сондай-ақ, рейтингі жоғары хабарлар ішінде «Тарихтан тағылым», «Алдаспан», «Біздің подкаст», «Жанымның жағалауы», «Дорого жизни» бағдарламалары бар.

2003 жылы облыстық телевизия толықтай сантаңбалық форматқа көшірілді. «AQJAIYQ» телеарнасы осы заманғы сантаңбалық санаттағы бейне-дыбыс жазу, монтаждау құралдарымен толық жабдықталды.

2007 жылдың 1 сәуірінде облыстық радио хабарлар ғарыш арқылы таралды. Бүгінгі таңда облыстың 98 пайызы «Қазақстан» ұлттық арнасының жиілігінде тарайтын облыстық телехабарларды көріп келеді. 28-ші дециметрлік телеарнаның хабар тарату кезіндегі елдімекендерді қамту аймағы 50-60 шақырым радиус шамасында.

2010 жылдың 9 қыркүйегінен бастап, барлық аудан орталықтары мен ірі елді мекендер «Қазақстан-Орал» телеарнасының 14 сағаттық бағдарламаларын көре бастады.

2011 жылдың тамыз айында Сinegy автоматтандырылған сандық телевизиялық жүйесі енгізілді. Сinegy сандық жүйесінін телевизиялық өнімін эфирге шығынсыз беру үшін AG-HMX100 бейнемикшерін орнатылды. Телевизиялық сигнал SDI SD форматында аналогқа аудармысыз эфирге тікелей беріледі.

2012 жылы желтоқсан айында «Кателко» спутниктік станциясы мен эфир студиясы арасына волоконды оптикалық линиясы жүргізілді. Бұл 16 талшықты желіден тұрады. Қазіргі кезеңде 2 желісі пайдалануда. Қалған желілерді болашақта эфир жүйесін HD сапасына жеткізуге пайдалану жоспарда. Қазіргі кезеңде эфир сигналы еш шығынсыз «Кателко» жүйесіне беріледі.

2012 жылы 21 желтоқсанда Аппаратты студиялық кешенінің құрлысы аяқталып, пайдалануға берілді. Ғимараттың жалпы ауданы 1664,26 шаршы метр, пайдалы ауданы 1217,43 шаршы метр, құрылыс көлемі 7147 куб метр. Хабарлар түсіру студиясының ауданы 200 шаршы метр. Студияға қосымша бірінші қабатында жарық беру қондырғылары 19,86 шаршы метр және камералық қондырғыларға арналған 23,21 шаршы метрлік бөлмелер, екінші қабатында режиссерлік 36,3 шаршы метр және аппаратты қондырғылар 37,1 шаршы метр бөлмелері бар.

2013 жыл Бұл жылы «Мәңгілік ел», «Сыр толғау» «Замансөз» сияқты бірегей хабарлар көрерменге жол тартты. Қоғамның түйткілді мәселелерін талқыға салып, көпшіліктің көңіліндегісін дөп басуды мақсат тұтқан «Замансөз» хабары көзі қарақты көрерменнің сүйікті бағдарламасына айналып үлгерді.

«Мәңгілік ел» бағдарламасында өлкеміздің және еліміздің тарихи тұлғалары мен ел өмірінен маңызды орын алатын тарихи оқиғалар, сонымен қатар ұлтымыздың ата дәстүрі, ауыз-жазба әдебиеті мен өзге де құндылықтары сөз болды.

«Ел алдында», «Время вашего вопроса» ,»Жедел желі», «Мәслихат»,»Әділетті қоғам»,»Активная позиция» секілді қоғамдық-саяси бағдарламалар көрермендер арасында зор беделге ие. Сондай-ақ, рейтингі жоғары хабарлар ішінде «Тарихтан тағылым», «Алдаспан», «Біздің подкаст», «Жанымның жағалауы», «Дорого жизни» бағдарламалары бар.Биылғы жылдың жаңа маусымында өңірдің тарихи ескерткіштері мен табиғаты ерекше аймақтарын таныстыруға арналған «Жетінші аймақ» бағдарламасы, «Топжарған»спорттық бағдарламасы, ұлттың рухын оятуға арналған «Тоқсан ауыз сөз» бағдарламалары көрерменге жол тартты.

Қыркүйектің 26 –сы облыстық телевизияның хабар таратқанына биыл 60 жыл толады. Жаңалықтың жаршысы атанған телеарнаның ресми мерейтойы түрлі шаралармен өрнектелді. Мерекелік шаралар аясында алдымен қазақтың Көрісу айтында бастау алған шарада алдымен арна ардагерлері «Күншуақ» бағдарламасына шақырылып, Алматы, Астанадағы байырғы қызметкерлер тікелей эфирге қосылып,естеліктер айтып, ақжарма тілектерін ақтарды.

Мерейтой қарсаңында телестудия ғимаратына жөндеу жүргізіліп, музей жабдықтары қайтадан жаңартылды.

 «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген, арнада ұзақ жыл қызмет еткен әріптесіміз Ботагөз Баймұқанқызына арналған «Үзік үміт. Сағыныш саяхаты» еске алу кеші өтсе, марқұм Рашид Шақуға арналған «Сөз жебесі -сатира» атты республикалық мүшәйра жарияланып, қортындысы жарияланды.

Жыл басынан бері «60 жылдыққа - 6 деректі фильм» ұранымен телевизиялық фильмдер топтамасы жарыққа шықты. Олар туғанына 90 жыл толатын ақын, сөз зергері Қадыр Мыза Әлиге аралған «Қазақтың Қадыры» , «Батырлар ізімен» жобасы бойынша Кеңес Одағының батырлары Ерденбек Ниетқалиев туралы «Ерлігі ерен Ерденбек, Садық Жақсығұловқа арналған «Герой из Приуралья» және Ахмедияр Құсайынов туралы «Ұлы ерлік- ұрпаққа аманат» деректі фильмдері эфирден өтті. Ал дәл мерейтой қарсаңында «Ақжайықтың айнасына -6О жыл», «ТV: В моей судьбе ты стало главным» фильмдері көрсетілетін болады.

«Ақ Жайықтың айнасына - 60 жыл » атты фотоальбом жарыққа шығып, тұсауы кесілмек.

Облыстық телеарнаның құрылып, дамуы жолында тер төккен ардагерлерге мерекелік төсбелгі, Құрмет грамоталыыры мен Алғыс хаттар табыс етілетін болады. Осы кезге дейін табан аудармай қызмет етіп келе жатқан қызметкерлер Министрліктің,корпорацияның, облыс әкімінің алғыс хаттарына ие болды.

Жетістіктер:

1998 жыл

«Еще раз про любовь» деректі фильмі. Деректі фильмнің негізгі желісіне Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы,Кузнецов ауылында тұрған қазақ баласы мен орыс қызының арасындағы махаббат тағдыры алынады. «От дома к дому, от сердца к сердцу» байқауында жүлдеге ие болған «Еще раз про любовь» деректі фильмі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығы берілді.

2004 жыл

Гүлмира Тілеубаеваның «Жымпитылық немістер» фильмі жоғары бағаланып, Ұлттық арнадан көрсетіліп, аймақтық айналым қорына ұсынылды. Аталмыш фильм облыстық тілдерді дамыту басқармасы жариялаған байқауда бас жүлдені жеңіп алды.

2006 жыл

«Қуыр, қуыр, қуырмаш» телебағдарламасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру» мақсатында баспасөз күніне орай ұйымдастырылған «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» атты республикалық конкурстың «Үздік телехабар» аталымы бойынша бас жүлдені жеңіп алды.

2008 жыл

«Жалпақталдық жасырын жастар ұйымы» телевизиялық фильмі «Қазақстан» теледидарының 50 жылдығына орай, үздік телебағдарламалар байқауының жеңімпазы атанды. Фильмде 37 мен 41-дің қаралы жылдарында қазақ зиялыларының қуғын-сүргінге ұшырауына жол бермеу бағытында құрылған жасырын жастар ұйымы туралы баяндалады. «Қазақ халқын қорғаушылар одағы» атты ұйым құрған өрімдей 14 жастың ұлы мақсаттағы істері араларына сенімге ие болып кірген сатқынның кесірінен бір түнде әшкере болды. Алды ату жазасына, соңы 5 жылға сотталып, айдауда болды. Бүгінде осынау асыл жандардың ұрпақтары қылышынан қан тамған кеңес дәуіріндегі олардың қайсарлығы мен табандылығын үлкен мәртебемен еске алады.