Оралдағы Оқушылар мен жастар сарайы өңірдегі ғылым мен білімнің ордасы ғана емес, робототехниканың да орталығы болып саналады. Бүгінде робототехника үйірмесіне қатысушылар көптеген халықаралық және республикалық сайыстарда облыс намысын абыроймен қорғап жүр. Орталық мамандары робототехникаға қызығатын оқушылардың қатары жыл санап артып келе жатырғанын айтады.