«Индустрияландыру мен импортты алмастырудың кілті ретінде жұмысшы мамандықтарды дамыту». Оралда осындай тақырыпта Қазақстан-Ресей іскерлік кеңесінің оныншы мерейтойлық отырысы өтті. Екі ел үшін маңызды келісімшарттарға қол қойылған іс-шара Қазақстан-Ресей XXI өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында ұйымдастырылды.