Өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев облыс активімен кездесті. Жиында Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған міндеттер мен оларды іске асыру барысы талқыланды. Әсіресе цифрландыру, инвестиция тарту, агроөнеркәсіп кешенін дамыту және ауылдарды өркендету мәселелеріне екпін берілді.