Бүгін Оралда жұмысшы мамандықтар – экономикалық өсімнің қозғаушы күші тақырыбында Қазақстан мен Ресейдің ХХІ Өңіраралық ынтымақтастық форумы басталды. Іс-шара екі ел арасындағы өндірістік кооперацияны дамытуға, жаңа технологиялар мен кадрлық әлеуетті арттыру бағытындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған. Форум аясында Қазақстан-Ресей іскерлік кеңесінің Х отырысы өтті. Онда екі жақты экономикалық байланысты нығайту, жұмысшы мамандарды даярлау мәселелері төңірегінде әңгіме өрбіді. Екі елдің бизнес өкілдері, оқу орны басшылары пікір алмасып, ұсыныстарымен бөлісті.