Облыстық мәслихатта әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында 6 мәселе қаралды. Оның екеуі тәртіптік істер, қалғаны профилактикалық іс-шаралар. Кеңес жұмысына мемлекеттік органдардың басшылары, әдеп жөніндегі уәкілдер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.