«Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы кездесулер өз жалғасын табуда. Прокуратура, қоғамдық даму басқармасы және қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері Орал қаласындағы №37 ЖОББМде ата-аналармен кездесу өткізді. Онда құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері төңірегінде кеңінен әңгіме қозғалды.