Жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлық қоғамдағы өзекті мәселенің бірі. Тасқала ауданында өткен семинарда негізгі себеп-салдары мен алдын алу жолдары талқыланды. Іс-шараға ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілі, заңгер-педагог Саян Есмағанбетов, аудандық кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері, мектеп психологтары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, полиция бөлімінің өкілдері және облыстық әдістемелік психологиялық қолдау орталығының мамандары қатысты.