Қазақстан-Ресей ХХІ өңіраралық форумы жаңа әріптестік байланыстарға негіз болып, екіжақты экономикалық қатынастарды нығайтты. Бұл арна тілшілеріне сұхбат берген ресейлік делегация өкілдерінің пікірі. Айта кетейік, екі күнге созылған форум барысында қос ел бизнес өкілдерінің басын қосқан пленарлық отырыстар, іскерлік кеңестер, дөңгелек үстелдер мен көрмелер ұйымдастырылған болатын.