«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясының ауқымы кең, мақсаты айқын. Бүгінде қоршаған ортаны таза ұстау ұранымен еліміздің түкпір-түкпірінде бастау алған науқан алақандай ауылдарды да адамзат үшін ортақ іске жұмылдыруда. Шыңғырлау ауданындағы ағаш егу науқанына мекеме-ұйымдар, халық қалаулылары, мектеп ұжымдары бір кісідей атсалысты.