Премьер-министр Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында индустриялық және әлеуметтік бірқатар инфрақұрылым нысанын аралады. «QazExpoCentre-Pipe» кәсіпорнында Үкімет басшысы АӨК-де қайта өңдеуді кеңейту, сондай-ақ Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында атап көрсеткен міндеттер шеңберінде өндіріске цифрлық технологиялар енгізу және инвестиция тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.