Орал қаласында Жалпақтал балалар өнер мектебі шәкірттерінің алғашқы сурет көрмесі ұйымдастырылды. Онда балалардың ой-қиялынан туған картиналар мен зергерлік бұйымдар қойылды. Маңызды бастаманың мақсаты – жас өрендердің шеберлігін шыңдап, жаңа жетістіктерді бағындыруға ынталандыру.