Биыл жаз айында құрылысы басталған Подстепное – Федровка – РФ шекарасына дейінгі автожол учаскесіндегі жол айрығы белгіленген мерзімінен кешігіп жатыр. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев осы жолдың құрылыс барысын қадағалап, мердігер компания өкілдеріне нақты тапсырма жүктеді.