Жұмыс сапары аясында Премьер-министр осы жылдың 11-12 қарашасында Орал қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің XXI өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық барысын пысықтады. Сондай-ақ Мемлекет басшысының инфрақұрылымды дамыту және абаттандыру, су тасқынының алдын алу шаралары жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысына зер салды. Атап айтқанда, 2024 жылғы су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін салынған үйлерді және Жайық өзенінің бойындағы жағалауды нығайту жұмыстарының нәтижесін көрді.