Бүгін ҚР Үкімет басшысы Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Үкімет басшысы алдымен Қарашығанақ кен орнында болып, Мемлекет басшысының мұнай-газ саласын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты. «КПО б.в.» компаниясының бас директоры зиянды қалдықтардың әсерін азайтуға бағытталған жобалар жөнінде мәлімдеп, алдағы жоспарлармен бөлісті.
ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАШЫҒАНАҚ КЕНІШІНДЕ БОЛДЫ