Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық саулығы – маңызды мәселе. Өңірдегі білім ордаларында мектеп психологтарының құзыретін арттыруға басымдық берілген. Осыдан бір жыл бұрын облыстық әдістемелік психологиялық қолдау мекемесі ашылған болатын. Сонымен қатар оқу орындарында ата-аналарға педагогикалық көмек көрсету орталықтары да жұмыс істеуде.