Елімізде қараша айында жаңа мың теңгелік банкноталар айналымға енгізіле бастады. Бұл купюраның дизайны сақ дәуірінің стилінде жасалған. Ол қазақы ою-өрнектің бастау көзі саналады және елдің бай мұрасын - көшпенділер мәдениетінен бастап қазіргі Қазақстанға дейінгі тарихын бейнелейді.