Елордада дәстүрлі «Astana Media Week-2025» форумы жалғасуда. Бұл Қазақстандағы мемлекеттік, тәуелсіз, кәсіби және жаңа БАҚ-тың басын қосатын ауқымды іс-шара. Еліміздегі басты коммуникация алаңында ведомство басшылары, халықаралық сарапшылар, инфлюенсерлер мен сала мамандары кездесіп, өзекті мәселелерді талқылауда. Үш күндік медиажиынның басты тақырыбы: «Ұлтқа қызмет ету – медиа миссиясы».