Елордада Astana Media Week дәстүрлі медиа апталығы басталды. Үш күнге жалғасатын айтулы жиын биыл «Ұлтқа қызмет ету – медиа миссиясы» тақырыбы аясында өтуде. Апталыққа медиа мамандар, халықаралық серіктестер және мемлекеттік ұйымдар жиналып, ой қозғайды. Бағдарламада медиаэтика, деректі фильм түсіру, жасанды интеллектті пайдалану, имидж менеджменті, цифрлық коммуникациялар және дата-журналистикаға арналған сессиялар қарастырылған. Сондай-ақ журналистердің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған пленарлық отырыстар, панельдік пікірталастар, презентациялар, жабық форматтағы питчинг жобалар мен практикалық шеберлік сағаттары да өтпек. Маңызды шараға «Ақжайық» телеарнасының журналистері де қатысуда.