Биыл — ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл. Айтулы датаға орай өңірде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылып, сөз зергерінің мол мұрасы кең көлемде насихатталуда. Жайық жұртшылығының жасы да, жасамысы да дәуір дарабозының жырларын жатқа оқиды. Солардың бірі 75 жастағы Маржан Бектемісова.