Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «100 кітап» республикалық жобасы аясында Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романын талдау сағаты өтті. Іс-шараға қатысқан студенттер шығарма мен қойылым нұсқаларын салыстыра отырып талдап, өз пікірлерін ортаға салды. Және шығармадан үзінділер оқылып, кейіпкерлердің рөлі сомдалды.