«БІРГЕ ӨСЕМІЗ, БІРГЕ ДАМИМЫЗ!»
Әр баланың қабілетін ашып, дамуына жағдай жасау – қоғамның ортақ міндеті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда ерекше балаларға арналған инфрақұрылымды кеңейтіп, маман тапшылығын азайту және ерте диагностикалау жұмыстарын жүйелеу қажеттігін атап өтті. Бүгінде елімізде инклюзивті білім алатын 237 мыңнан астам бала бар. Осы бағыттағы қолдауды күшейту мақсатында Орал қаласындағы №37 мектепте ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналарына арналған семинар өтті. Кездесуде мамандар кеңес беріп, психологиялық тренингтер өткізіп, балалардың дамуын және отбасыларға қолдау көрсету мәселелерін талқылады.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо