ЖАЙЫҚТА ШАРАБАСОВ БІРЕУ ҒАНА!
Орал қаласында ұлағатты ұстаз, қоғам қайраткері Серікқали Шарабасовтың 80 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. «Көрнекті әдебиеттанушы ғалымның ғылыми, әдеби, публицистикалық мұрасы және қазіргі әдебиеттану мен лингвистиканың жаңа парадигмалары» атты жиынға отандық және шетелдік ғалымдар, әдебиеттанушылар, тіл мамандары мен педагогтер қатысты. Оның мол мұрасы сараланып, қазақ әдебиеті мен тіл білімінің бүгінгі бағыттары талқыланды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо