АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Автомобиль жолдары – ел экономикасының күретамыры, өңірлер арасындағы байланыстың берік арқауы. Облыста соңғы 3 жылда 1,5 мың шақырымнан астам жол жөнделді. Биыл бұл мақсатқа 97 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, 422 шақырым жолда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Облыс әкімі автожол саласы қызметкерлерінің күнімен сала мамандарын құттықтап, құрмет көрсетті.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо