«ҚАЛАДАН – АУЫЛҒА»: ӨҢІРЛІК ЖОБАНЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕНГІЗУ ҰСЫНЫЛДЫ
Қазақстан Халық Кеңесі жанындағы Өңірлік даму және жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің Әлеуметтік жауапкершілік мәселелері жөніндегі комиссиясының отырысы өтті. Жиында еңбек қауіпсіздігі, әлеуметтік бастамаларды қолдау және өңірлерді дамыту мәселелері талқыланды. Отырысқа комитет төрағасы Табиғат Зейнұлқабден мен комиссия жетекшісі Қазыбек Дауталиев қатысты. Батыс Қазақстан облысының атынан Мұрат Мұқаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Соның ішінде «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасын республикалық деңгейде енгізу мәселесіне назар аударды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо