ӘЛЕУМЕТТІК САЛА МАМАНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Қазақстанда әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісінде атап өтіледі. Биыл бұл мереке Республика күнімен тұспа-тұс келді. Осы екі атаулы датаға орай арнайы іс-шара ұйымдастырылып, әлеуметтік қорғау саласының үздік мамандары марапатталды. Салтанатты жиынға Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов те қатысты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо