«ШЕКСІЗ ӘЛЕМ» – ШЕКАРАСЫЗ ӘЛЕМ
Орал қаласындағы №52 жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар арасында «Шексіз әлем» облыстық байқауы өтті. Іс-шараға қала мен аудан мектептерінің оқушылары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Бұл – әр баланың қабілетін танытып, шығармашылық мүмкіндігін көрсетуіне жол ашқан ерекше алаң.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо