ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТ – ҚАУІПСІЗ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
Экономикалық тергеп-тексеру департаменті білім беру ұйымдарында тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар өткізіп келеді. Бұл жұмыстар жастардың қаржылық құқықбұзушылықтарға тартылуының алдын алуға, студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтау, заңнамаға құрметпен қарау және әрбір іс-әрекет үшін жауапкершілікті сезіну мәселелеріне ерекше назар аударылуда.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо