Негізгі Жаңалықтар ОРАЛДА КӘСІПОДАҚ ӨКІЛДЕРІ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

ОРАЛДА КӘСІПОДАҚ ӨКІЛДЕРІ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Оралда «БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары аясында кәсіподақ тәжірибесіндегі гендерлік теңдік және еңбек құқықтары» тақырыбында республикалық семинар-тренинг өтті. 2 күнге созылған басқосуға еліміздің әр өңірінен кәсіподақ өкілдері мен сарапшылар қатысып, еңбек құқықтарын қорғау, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және әлеуметтік әділеттілікті нығайту мәселелерін талқылады. Іс-шараны оқу-ағарту, жоғары білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы мен БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырды.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо

Бөлісу