ӨНДІРІС ӨРІСТЕП, ИНВЕСТИЦИЯ АРТҚАН
Теректі ауданында экономикалық өсім байқалады. 9 айда өнеркәсіп өндірісі 27 пайызға ұлғайып, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 29 миллиард теңгеден асты. Сондай-ақ инвестициялық бастамалар қолға алынып, тұрғын үй құрылысы мен инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жалғасуда. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі жеткен жетістіктер, алдағы жоспарлар туралы баян етті.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо