АУДАНДАРДАҒЫ АЙШЫҚТЫ ШАРАЛАР
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында инвестициялық ахуалды жақсарту, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Өңірде биыл негізгі капиталға тартылатын инвестиция көлемін 1 трлн теңгеден асыру көзделіп отыр. Былтыр ауыл шаруашылығының даму көрсеткіштері бойынша аймақтар арасында Батыс Қазақстан облысы көш бастады. Осылайша, өңір Республика күнін жарқын жетістіктермен қарсы алды. Оң өзгерістер ауылдық елді мекендерде де аз емес. Ұлттық мерекеге орай Сырым ауданында көпбалалы отбасылар баспаналы болып, жас спортшылар жарыс алаңында бақ сынады. Қазталов, Қаратөбе және Шыңғырлау аудандарында ел дамуына үлес қосқан азаматтар ұлықталып, ұлттық дәстүр мен еңбек құндылықтары дәріптелді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо