Орал қаласының іргесінде орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының 6 гектар аумағында өрт толық сөндірілді. Қазір жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары 9 гектар аумақта қызыл жалынмен күресіп жатыр. Астана қаласынан іссапардан оралған облыс әкімі Нариман Төреғалиев бірден оқиға орнына барып, қалыптасқан жағдайды көзбен көрді. Аймақ басшысы ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Рамиль Камаловпен бірге атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтап, құзырлы құрылым жетекшілеріне нақты міндеттер жүктеді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо