Бәйтерек ауданының Сұлукөл ауылы тағы да үлкен мерекенің мекеніне айналмақ. Мұнда бесінші рет өтетін «AGROFEST-2026» фестиваліне қызу дайындық жүріп жатыр. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асып отырған «The Фермер» жобасы жыл сайын ауыл шаруашылығы саласының өкілдерін, кәсіпкерлерді және табиғат аясында демалуды қалайтын жүздеген қонақты бір алаңға тоғыстырады. Биылғы фестиваль бұрынғыдан да ауқымды өтеді деп жоспарлануда.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо