Күмбірлеген күй мен әуелеген әнге талай мәрте арқау болған қасиетті Шалқар көлі бұл жолы да өнердің үлкен ордасына айналды. Теректі ауданында өткен SHALQAR TOLQYNY III республикалық ән байқауы еліміздің түкпір-түкпірінен келген талантты орындаушыларды бір сахнада тоғыстырды. Ән сайысы көл жағасына демалуға келген тұрғындарға ерекше әсер сыйлады.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо