Облыста егін жинау науқаны жалғасуда. Биыл өңірдегі егіс алқаптарының көлемі 670 мың гектардан асты. Оның басым бөлігін дәнді дақылдар құрайды. Сонымен қатар майлы және мал азықтық өнімдер де егілді. Жалпы егіс көлемі жоспарланған көрсеткіштен асып, өсімдік шаруашылығы саласында белгіленген міндеттердің орындалғанын көрсетті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында айтылды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо