Аптап ыстықтың салдарынан өңірде бір тәулікте 48 өрт оқиғасы тіркелді. Әсіресе Оралдың іргесіндегі Хан тоғайындағы өрт кеше кешкісін оқшуланған болатын. Қазір бықсып жатқан аумақтарды сөндіру іске асуда. Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары Зачаганск кентіндегі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқыстың жануын сөндіру жұмыстарын жалғастыруда. Іс-қимылды үйлестіру мақсатында оқиға орнында жедел штаб құрылды. Жұмыстар тәулік бойы ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ қызметі мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен күшімен жүргізілуде.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо