Оралда параволейбол спорты қарқын алып келеді. Мұны мүгедектігі бар жандардан құралған облыс құрамасының республикалық және халықаралық жарыстарда үздік нәтиже көрсетіп жүргенінен аңғаруға болады. Бұл жолы өңірде спорттың осы түрінен шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Оның мақсаты – қатысушыларды параволейболдың қыр-сырымен таныстырып, ойын ережелерін меңгерту әрі салауатты өмір салтын насихаттау. Ашық жаттығуда тәжірибелі спортшылар өз өнерлерін көрсетіп, жас буынмен тәжірибе бөлісті.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо