Аптап ыстық өрттің өршуіне себепші болды. Өңірде кешеден бері осындай 48 оқиға тіркелген. Әсіресе Оралдың іргесіндегі Хан тоғайы мен қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны отқа оранып, тілсіз жауды ауыздықтауға ондаған адам мен техника жұмылдырылған. Бір тәулікке созылған жұмыстардың нәтижесінде орман өрті сөндірілсе, қоқыс алаңындағы жұмыстар әлі жалғасуда. Осыған байланысты қала әкімінің шешімімен жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланып отыр.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо