Оралда садақ атудан ересектер, жастар және юниорлар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Елдің түкпір-түкпірінен жиналған мергендер бірнеше күн бойы өзара бақ сынап, ұлттық құрама сапына үміткер атану үшін сынға түсуде. Ауқымды дода өңірде садақ ату спортын дамытуға серпін беріп қана қоймай, халықаралық жарыстарға қатысатын үздіктерді анықтауды көздейді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо