Облыста дәстүрлі діни бірлестіктер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған «Қауіпсіз өңір» жобасына белсенді ат салысуда. Бұл бастама облыс прокуроры Нұрбек Ұласбекұлының төрағалығымен өткен «Заң мен тәртіп: Діннің рөлі» атты дөңгелек үстелде талқыланды. Басқосуға облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, дәстүрлі діни бірлестіктер мен бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты. 


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо