28 шілде – Дүниежүзілік гепатитке қарсы күрес күні. Осыған орай өңірдегі барлық медициналық ұйымда ашық есік күні ұйымдастырылды. Дәрігерлер тұрғындарды қабылдап, вирустық гепатиттің алдын алу, ерте анықтау және емдеу жолдары жөнінде кеңес берді. Мамандардың айтуынша, дертті дер кезінде анықтау – бауыр циррозы мен обырдың алдын алудың ең тиімді жолы. 

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо