Алаяқтар айылын жияр емес. Жыл басынан өңірдің 400-ден астам тұрғыны қылмыскерлердің құрығына түсіп, ақ адал ақшасынан айырылған. Осы орайда қазір ел көлемінде «Hi-Tech» жедел алдын алу шарасы өтуде. Оның аясында тұрғындар арасында түсінік жұмыстарына аса мән берілген.