Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында жасанды интеллектіні дамыту – еліміздің басты басымдықтарының бірі ретінде айтылды. ЖИ – жастарды жаңа технологиялармен жұмыс істеуге, шығармашылық және сыни ойлауға баулитын маңызды құрал. Бұл бағытта өңірімізде цифрлық сауаттылықты арттыру арқылы болашақ IT мамандарын даярлау жұмысы қарқынды жүргізілуде.