Мемлекет басшысы Жолдауда Қазақстан жасанды интеллект технологиясын тұтынушы ғана емес, оны жасаушы ел болуы керек екенін баса айтты. Маңызды міндетті іске асыру үшін елімізде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды. Жасанды интеллект – енді жай ғана тренд емес. Бұл күнделікті өмірге еніп жатқан чат-боттар мен автоматтандырылған қызмет түрлері.