МӨЛДІР АЙТБАЙ «ҚАДЫР АЯЛДАМАСЫНДА» ҚОНАҚТА
Өлең – жүректің үні, сөз – руханияттың өзегі. Қадырдың жырынан қуат алған жоба бұл жолы тағы бір талантты тұлғаның шығармашылығына аялдады. «Қадыр аялдамасы» жобасының кезекті қонағы – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, «Мөлдір өлең» ұлттық поэзиялық жобасының авторы Мөлдір Айтбай. Кездесу кешінде ақынның шығармашылық жолы ғана емес, спорттағы жетістіктері мен өмірлік ұстанымы да әңгімеге арқау болды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо