6 мен 14 жас аралығындағы екі жүзден астам балғын Орал қаласында классикалық шахматтан Қазақстан кубогының төртінші кезеңінде бас қосты. Сайыс халықаралық мәртебеге ие, оған елімізбен қатар Ресейден келген шахматшылар да қатысуда. Ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімі Нариман Төреғалиев шахматтың логикалық ойлауды, стратегиялық көзқарасты және зияткерлік әлеуетті тиімді дамытатын бірегей құрал екенін атап өтті. Сонымен қатар, өңір басшысы облыста бұл спорт түрінің әрбір тұрғынға қолжетімді болуы үшін барлық жағдай жасалатынын да жеткізді.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо