Орал қаласында отбасы институтын нығайтуға және балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған жаңа бастама жүзеге асты. Өңірде «Құқық және қамқорлық» атты ювеналдық клиника өз жұмысын бастады. Жоба кәмелетке толмағандардың заңды мүддесін қорғап қана қоймай, отбасындағы түйткілдерді ерте кезеңде анықтап, оларды шешуге кешенді қолдау көрсетуді көздейді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо